2017 жылға аудандар және қалалар бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 16 маусымдағы № 162 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 21 маусымда № 4127 болып тiркелдi. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14780 болып тіркелген "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 29 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандар және қалалар бойынша:

      1) Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулыға 1-қосымшаға;

      2) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жолдануын;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов
      К.Н.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы "16" маусымдағы
№ 162 қаулысына 1-қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері

қ/с

Қала, аудандар атауы

Межеленген егістік ауданы, мың гектар

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Арыс

2,6

100 000,0

2

Бәйдібек

2,4

460 000,0

3

Қазығұрт

3,5

250 000,0

4

Мақтарал

97,2

3 696 600,0

5

Ордабасы

11,4

350 000,0

6

Отырар

3,2

150 000,0

7

Сайрам

2,3

100 000,0

8

Сарыағаш

5,4

160 000,0

9

Созақ

1,8

70 000,0

10

Төлеби

5,6

180 000,0

11

Түлкібас

4,0

140 000,0

12

Шардара

23,2

780 000,0

13

Түркістан

14,8

600 000,0

14

Шымкент

1,7

80 000,0

15

Кентау

0,4

40 000,0


Барлығы:

179,5

7 156 600,0


  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы "16" маусымдағы
№ 162 қаулысына 2-қосымша

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері

қ/с

Қала, аудандар атауы

Межеленген егістік ауданы, гектар

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Арыс

3,5

8 000,0

2

Бәйдібек

1,3

5 000,0

3

Қазығұрт

76,17

110 000,0

4

Мақтарал

60,08

90 000,0

5

Ордабасы

53,7

120 000,0

6

Отырар

4,55

8 000,0

7

Сайрам

26,75

60 000,0

8

Сарыағаш

1 003,07

1 400 000,0

9

Созақ

0,0

0,0

10

Төлеби

3,25

10 000,0

11

Түлкібас

4,0

5 000,0

12

Шардара

2,6

5 000,0

13

Түркістан

49,1

215 000,0

14

Шымкент

156,16

454 000,0

15

Кентау

4,68

10 000,0


Барлығы:

1 448,9

2 500 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады