Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Шардара қаласының және Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бiрлескен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 10 қарашадағы № 306 қаулысы және Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/189-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 28 қарашада № 4279 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Шардара қаласының әкімшілік шекарасына Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінен жалпы көлемі 255,3 гектар жер бөлігінің қосылуы жолымен Шардара қаласының және Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Абасов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Т.Қ.Сәрсембаев
      А.С.Сәбитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады