Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 20 қазанда № 4238 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін;

      Жолаушыларға, егер ол жеке орын алмаса, өзімен бірге жеті жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүру құқығы берілсін және 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру ақысы осы қаулының 1 тармағында белгіленген тарифтің 50 (елу) проценті:

      дағдылы тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 40 (қырық) теңге;

      осы қаулының қосымшасына сәйкес тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына 200 (екі жүз) теңге.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 17.07.2020 № 257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Кентау қаласының қала маңы маршрутына жолаушылар мен багажды тасымалдауға 1 километрге 5,40 теңге тарифі бекітілсін.

      3. Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 318 "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2815 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 қазандағы "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Н.Ташимовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Кентау қалалық мәслихатының

      хатшысы Т.Балабиев

      29 қыркүйек 2017 жыл

  Кентау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 267 қаулысына қосымша

Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері

Маршруттың атауы

Қашықтық (шақырым)

Жол жүру құны

1

Кентау – Ащысай

56

200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады