Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 "Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2020 жылғы 17 шілдедегі № 257 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 17 шілдеде № 5721 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына, 20 бабының 1 тармағының 4) және 6) тармақшаларына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 "Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4238 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 4 қарашадағы "Кентау шұғыласы" газетінде және 2017 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кентау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін;

      Жолаушыларға, егер ол жеке орын алмаса, өзімен бірге жеті жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүру құқығы берілсін және 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру ақысы осы қаулының 1 тармағында белгіленген тарифтің 50 (елу) проценті.".

      2. Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Басаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Д. Махажанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Кентау қалалық мәслихатының хатшысы

      ________________ Т.Балабиев

      "___"___________2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады