Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 19/112-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 12 қазанда № 4229 болып тiркелдi

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және 47 бабының 4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Түркістан қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:

      1) бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда – тегін жол жүру.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы А.Тилепова
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Ғ.Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады