Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 шілдедегі № 229 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 4 тамызда № 4178 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 30 мамырдағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 30.05.2018 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. "Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жылығы 16 қарашадағы № 369 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3879 тіркелген, 2016 жылы 28 қарашада "Шаян" газетінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Айтбековке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Танагузов

  Бәйдібек ауданы
әкімдігінің 24 шілде
2017 жылғы № 229
қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Бәйдібек ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

342

1

1

2.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 19 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

128

1

1

3.

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ақтас жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

85

1

1

4.

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Тасқұдық негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

48

1

1


  Бәйдібек ауданы
әкімдігінің 24 шілде
2017 жылғы № 229
қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Бәйдібек ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

531

1

1

2.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

342

1

1


  Бәйдібек ауданы
әкімдігінің 24 шілде
2017 жылғы № 229
қаулысына 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Бәйдібек ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері
(% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

531

1

1

2.

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қ. Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

102

1

1

3.

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Бөген жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

92

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады