Қарабау ауылы округі, Үшбұлақ ауылындағы "Жаңабай" өндірістік кооперативінің қорасының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 35 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 4337 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі әкімінің 22.04.2025 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясының 2017 жылғы 31 қазандағы № 1-09-/329 ұсынысы негізінде Қарабау ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабау ауылы округі, Үшбұлақ ауылындағы "Жаңабай" өндірістік кооперативінің қорасының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б.С.Мырзакулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады