Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 24.12.2018 № 43-283-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-43-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3830 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда "Мақтаарал" газетінде және 2016 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынандай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармақ мынадай 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) әлеуметтік такси қызметін ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін ай сайын 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы: | Ж.Серқұл |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы: | М.Жайлымшиев |