Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Атамекен ауылдық округi әкiмiнiң 2017 жылғы 29 қарашадағы № 129 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 8 желтоқсанда № 4293 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Атамекен ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атамекен ауылдық округіне қарасты көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Атамекен ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшесіне – Қазына атауы;

      2) Атамекен ауылындағы Жаңа құрылыс № 3 көшесіне – Ақ қайың атауы;

      3) Талапты ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшесіне – Темірқазық атауы;

      4) Мақташы ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшесіне – Парасат атауы;

      5) Мақташы Жаңа құрылыс № 2 көшесіне – Ізгілік атауы;

      6) Ғарышкер ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшесіне – Шаңырақ атауы;

      7) Қоғалы ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшесіне – Өркен атауы;

      8) Жемісті ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшесіне – Болашақ атауы;

      9) Тыңдала ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшесіне – Шапағат атауы.

      2. "Атамекен ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Атамекен ауылдық округі әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы: Е.Раев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады