Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті әкiмiнiң 2017 жылғы 30 қарашадағы № 133 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 4302 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Мырзакент кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мырзакент кентіне қарасты көшелерге қайта атаулар берілсін:

      1) Мырзакент кентіндегі М.Горький көшеге - Еркіндік атауы;

      2) Мырзакент кентіндегі Южный көшесін - Шапағат атауы;

      3) Мырзакент кентіндегі Аптечный көшесін - Өркен атауы;

      4) Мырзакент кентіндегі Гагарин көшесін - Жастар атауы;

      5) Мырзакент кентіндегі Комсомол көшесін - Мерейлі атауы;

      6) Мырзакент кентіндегі ДЭУ- 300 көшесін - Игілік атауы;

      7) Мырзакент кентіндегі Энгельс көшесін - Ізгілік атауы;

      8) Мырзакент кентіндегі Фурманов көшесін - Ақниет атауы;

      9) Мырзакент кентіндегі Энергетиктер көшесін - Ақалтын атауы.

      2. "Мырзакент кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Мырзакент кенті әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы М.Ердешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады