Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерiн бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 30 қарашадағы № 498 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 4311 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 386 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 03.09.2020 № 386 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Кайпжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Оңтүстік Қазақстан облысының

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ Н.М.Байғұт

      2017 жыл "30" қараша

  Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 498 қаулысымен бекітілген

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi

№ р/с

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының мекен жайы, шақырым

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

КХОR-1

М-32 Самара-Шымкент-Амангелді

0-4,2

4,2

2

КХОR-2

Шубар-Тоқсансай

0-5,0

5

3

КХОR-3

М-32 Самара-Шымкент-Шубарсу

0-7,8

7,8

4

КХОR-4

Р/Д-31 Кентау-Төрткүл-Ақсары

0-2,0

2

5

КХОR-5

КХ-15 Алтынтөбе-Бадам-Қарабастау

0-3,0

3

6

КХОR-6

КХ-15 Алтынтөбе-Бадам-Бірлік

0-2,8

2,8

7

КХОR-7

КХ-8 Арыс-Темірлан-Бейсен

0-1,3

1,3

8

КХОR-8

КХ-15 Алтынтөбе-Төрткүл-Жеңіс

0-1,7

1,7

9

КХОR-9

КХ-63 Бадам-Шұбар-Ықыластемір

0-4,5

4,5

10

КХОR-10

Қараспан-Қалаш

0-9,3

9,3

11

КХОR-11

КХ-15 Алтынтөбе-Төрткүл-Дихан

0-9,6

9,6

12

КХОR-12

КХ-8 Арыс-Темірлан-Төреарык

0-2,1

2,1

13

КХОR-13

КХ-15 Алтынтөбе-Төрткуль-Елшібек батыр

0-3,0

3,0

14

КХОR-14

Қараспан-Ынтымақ

0-2,1

2,1

15

КХОR-15

Қараспан-Жұлдыз

0-1,6

1,6

16

КХОR-16

М-32 Самара-Шымкент-Жайылма

0-0,6

0,6

17

КХОR-17

М-32 Самара-Шымкент-Арыстанды

0-2,5

2,5

18

КХОR-18

М-32 Самара-Шымкент-Нұра

0-2,3

2,3

19

КХОR-19

М-32 Самара-Шымкент-Қызылжар

0-6,0

6

20

КХОR-20

КХ-15 Алтынтөбе-Төрткүл-Ақбулақ

0-3,5

3,5

21

КХОR-21

КХ-15 Алтынтөбе-Төрткүл-Карақұм

0-2,8

2,8

22

КХОR-22

КХ-15 Алтынтөбе-Төрткүл- 1-Мамыр

0-2,1

2,1

23

КХОR-23

Қараспан-Жаңатұрмыс

0-1,7

1,7

Ордабасы ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы:

81,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады