Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 13.11.2017 № 340 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3–қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Айтаханов |
Отырар ауданы әкімдігінің "17" тамыздағы 2017 жылғы № 192 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны |
1 | 3134 |
Отырар ауданы әкімдігінің "17" тамыздағы 2017 жылғы № 192 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
29918 | 11759 |
Отырар ауданы әкімдігінің "17" тамыздағы 2017 жылғы № 192 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге ( көп емес ) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге ( көп емес ) |
331,06 | 398,78 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.