Ескерту. Күші жойылды – Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 30.04.2019 № 200 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Сайрам ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 6 "Сайрам ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3962 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпандағы "Мәртөбе" газетінде және 2017 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары
М.Оразалиевке жүктелсiн.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Сапарбаев |
Сайрам ауданы әкімдігінің 14 шілде 2017 жылғы № 277 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Сайрам ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Югдорстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 2% | 2 |
2. | "ЮКМЗ" акционерлік қоғамы | 173 | 2% | 3 |
3. | "Манкент шипажайы" акционерлік қоғамы | 204 | 2% | 4 |
4. | "ЖБИ-С" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2% | 2 |
5. | "Манкент-1" өндірістік кооперативі | 62 | 2% | 1 |
6. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қарабұлақ" Сайрам аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 247 | 2% | 5 |
7. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сайрам аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 830 | 2% | 16 |
Барлығы | 1696 | 33 |
Сайрам ауданы әкімдігінің 14 шілде 2017 жылғы № 277 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Сайрам ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Югдорстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 2% | 2 |
2. | "ЮКМЗ" акционерлік қоғамы | 173 | 2% | 3 |
3. | "Манкент шипажайы" акционерлік қоғамы | 204 | 2% | 4 |
4. | "ЖБИ-С" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2% | 2 |
5. | "Манкент-1" өдірістік кооперативі | 62 | 2% | 1 |
6. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қарабұлақ" Сайрам аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 247 | 2% | 5 |
7. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сайрам аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 830 | 2% | 16 |
Барлығы | 1696 | 33 |
Сайрам ауданы әкімдігінің 14 шілде 2017 жылғы № 277 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Сайрам ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |