Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 06.05.2020 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Сайрам ауданының аумағында егіс жұмыстарын басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Б.Мамаев |
Сайрам ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 355 қаулысына қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Сайрам ауданының аумағында егіс жұмыстарын басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Дақылдар түрі | Оңтайлы себу мерзімдері | Ескертпе |
1 | Жаздық бидай | 1 наурыздан - 15 сәуірге дейін | Тәлімі және суармалы жер |
2 | Арпа | 10 наурыздан - 10 сәуірге дейін | Тәлімі және суармалы жер |
3 | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | 15 наурыздан - 25 сәуірге дейін | Тәлімі және суармалы жер |
4 | Жоңышқа | 20 наурыздан - 5 мамырға дейін | Тәлімі және суармалы жер |
5 | Көкөніс және бақша дақылдары | 1 наурыздан - 5 маусымға дейін | Суармалы жер |
6 | Жүгері | 10 сәуірден - 15 мамырға дейін | Суармалы жер |
7 | Картоп | 1 наурыздан - 25 маусымға дейін | Суармалы жер |
8 | Күздік бидай | 1 қазаннан - 1 желтоқсанға дейін | Тәлімі және суармалы жер |