Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7-44/VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 19-128/VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 20 қазанда № 4239 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 17-133/VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 27.06.2024 № 17-133/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында туберкулезбен куресу жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" 2014 жылдың 31 мамырдағы № 597 қаулысының 59 тармағына байланысты, Сайрам ауданы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7-44/VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанында "Мәртөбе" газетінде және 2016 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      9 тармақтың 12) тармақшасында:

      "5" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С.Мирзаев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Ж.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады