Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 20 маусымдағы № 155 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 14 шiлдеде № 4146 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 16 наурыздағы № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 16.03.2018 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 411 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3912 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 9 желтоқсандағы "Созақ үні" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Әлмағанбет

  Созақ ауданы әкімдігінің
"20" маусым 2017 жылғы
№ 155 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорының, ұйымының, мекеменің атауы

тізімдік саны

квота мөлшері (%)

1

Созақ аудандық емханасы

380

4

2

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т. Әлімқұлов атындағы № 14 мектеп интернат-лицей жалпы орта мектебі" КММ

211

3

3

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ. Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі" КММ

108

3

4

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің М. Маметова атындағы жалпы орта мектебі" КММ

113

3

5

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" КММ

103

3

6

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қарағұр жалпы орта мектебі" КММ

116

3

7

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шолаққорған жалпы орта мектебі" КММ

110

3

8

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің А. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі" КММ

132

3

9

Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мыңжылқы мәдениет сарайы"

136

3

10

Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі ММ

72

2

11

"Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

75

2

12

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі" КММ

120

3

13

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Абай атындағы жалпы орта мектебі" КММ

83

2

14

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Панфилов атындағы жалпы орта мектебі" КММ

77

2

15

Айшуақ бала бақшасы

88

2


Барлығы:

1924



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады