Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 102 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 12 мамырда № 4098 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 527 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 26.12.2017 № 527 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2, 3–қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 226 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 шілдеде № 3797 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Ленгер жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Парманов

 
Төлеби ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 10 сәуірдегі
№ 102 қаулысына
1- қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Төлеби ауданы

5395

4575

820


  Төлеби ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 10 сәуірдегі
№ 102 қаулысына
2- қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс,теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Республикалық бюджет есебінен

Ауылдық жерлерде

Қалалық жерлерде

19002

8106

22532

22171


  Төлеби ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 10 сәуірдегі
№ 102 қаулысына
3- қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін, теңге (көп емес)

325,50

404,26


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады