Майлыкент ауылдық округіне қарасты шағынаудандарға атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнің Майлыкент ауылдық округi әкiмiнiң 2017 жылғы 1 қарашадағы № 251 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 2 қарашада № 4251 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2017 жылғы 27 қыркүйектегі Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Майлыкент ауылдық округі әкімдігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т. Рысқұлов елді мекенінде орналасқанатауы жоқ шағынауданға "Жанкент" атауы берілсін.

      2. Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т. Рысқұлов елді мекенінде орналасқан "Қаңғалы" шағынауданы "Нұршуақ" шағынауданы деп қайта аталсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты"коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күніненбастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Мусралиевке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Жартыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады