"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы" объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағыжәне су қорғау белдеуін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 56 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 4915 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы" объектісі бойынша Бұқтырма су қоймасының сол және оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуін белгілеу" жобасына сәйкес, су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырмасу қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы" объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуі;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырмасу қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы" объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы" объектісі бойынша Бұқтырма су қоймасының сол және оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеулерін белгілеу" жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршімауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы Р. Сүлейменов

      2017 жылғы "_10_"__наурыз____

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ғ. Сүлейменов

      2017 жылғы "_ 9__"__наурыз___

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "7" наурыздағы
№ 56 қаулысына
қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырмасу қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы" объектісі үшін Бұқтырма су қоймасының оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуі

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы
 

Соның ішінде су қорғау белдеуі
 

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы,
км

Ауданы,га

Ені,м

1

2

3

4

5

6

7

Бұқтырма су қоймасының оң жағалауы

1,0

113,94

500

1,22

4,4

35

Атауы жоқ бұлақ:




3,522

12,7

35

Сол жағалау



500

1,742

6,4

35

Оң жағалау

0,923

44,45

115-460

1,78

6,3

35

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы" объектісі бойынша Бұқтырма су қоймасының сол және оң жағалауының су қорғау аймағы және су қорғау белдеуін белгілеу"жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады