"Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 62 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 4929 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3729 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 16 наурыздағы № 30 (17119) "Дидар", 2015 жылғы 14 наурыздағы № 30 (19629) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады