Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 64 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 10/108-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 4984 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір көшелері:
      Дальняя көшесі Зәкария Белібаев көшесі;
      Интернациональная көшесі Қайым Мұхамедханов көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия Облыс
      төрағасы А. Цораев      әкімі       Д. Ахметов
      Облыстық мәслихат
      хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады