Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 170 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі № 12/139-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 тамызда № 5167 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, "Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс жасау туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/8-VІ шешімінің және Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 349 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын: Ерназар ауылдық округінің Полянка ауылы, Глуховка ауылдық округінің Аккульск ауылы;

      2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

      Ерназар ауылдық округінің Полянка ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Ерназар ауылдық округі Ерназар ауылының құрамына;

      Глуховка ауылдық округінің Аккульск ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Глуховка ауылдық округі Жыланды ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Облыс әкімі
      Ә. Мұхтарханов Д. Ахметов
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады