Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 201 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 5198 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің, оның ішінде Жеменей өзеніндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасына сәйкес, су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. М. Құсаинов) "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің, оның ішінде Жеменей өзеніндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зайсан қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға берсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов
      әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының
      басшысының міндетін атқарушы
      ______________ М. Иманжанов

      2017 жылғы "15" 08

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің басшысының
      міндетін атқарушы
      ______________ А. Манкутова

      2017 жылғы "15" 08

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "14" тамыздағы
201 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі, олардың учаскелері

Су қорғау аймағы

Соның ішінде су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы,
км

Ауданы,
га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Жеменей өзені:

16,54

631,187

55-550

16,85

123,96

35-100

оң жағалау

6,92

304,731

-

8,08

60,13

-

сол жағалау

9,62

326,456

-

8,77

63,83

-

Оң жағалау магистральді каналы

1,16

0,116

-

1,16

0,116

-

Сол жағалау магистральді каналы

3,57

0,357

-

3,57

0,357

-


      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің, оның ішінде Жеменей өзеніндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады