Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 200 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 5211 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов
      әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының
      басшысының міндетін атқарушы
      ______________ М. Иманжанов

      2017 жылғы "15" 08

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің басшысы
      ______________ Ғ. Сүлейменов

      2017 жылғы "15" 08

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "14" тамыздағы
№ 200 қаулысына қосымша

Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Соның ішінде су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені,м

Ұзындығы,
км

Ауданы,
га

Ені,м

1

2

3

4

5

6

7

Безымянный № 3 бұлағы,
сол жағалау:
ішкі шекара
сыртқы шекара

 
 
0,508
0,934

33,1

500

 
 
0,508
0,586

1,93

35

Безымянный № 3 бұлағы,
оң жағалау:
ішкі шекара
сыртқы шекара

 
 
0,508
1,983

50,21

500

 
 
0,508
0,726

5,43

100

Арнасын бұру каналы,
сол жағалау:
ішкі шекара
сыртқы шекара

 
 
2,630
2,349

121,9

500

 
 
2,630
2,660

22,09

35-100

Арнасын бұру каналы,
оң жағалау:
ішкі шекара
сыртқы шекара

 
 
2,630
2,777

54,2

36,6-500

 
 
2,630
2,753

13,80

35-100


      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады