РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында (Үлбі кенті) Кедровская көшесі, 32-де орналасқан жер учаскесінің тұстамасындағы Кедровка өзенінің оң жағалауының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу" жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында (Үлбі кенті) Кедровская көшесі, 32-де орналасқан жер учаскесінің тұстамасындағы Кедровка өзенінің оң жағалауының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында (Үлбі кенті) Кедровская көшесі, 32-де орналасқан жер учаскесінің тұстамасындағы Кедровка өзенінің оң жағалауының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.Н. Нұрғалиев) "Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында (Үлбі кенті) Кедровская көшесі, 32-де орналасқан жер учаскесінің тұстамасындағы Кедровка өзенінің оң жағалауының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу" жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Риддер қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.З. Байбековқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | Д. Ахметов |
әкімі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы |
Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Су ресурстары комитетінің |
Су ресурстарын пайдалануды реттеу |
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік |
инспекциясының басшысы |
______________ Р. Сүлейменов |
2017 жылғы "10" қазан
Қазақстан Республикасы |
Денсаулық сақтау министрлігі |
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің |
Шығыс Қазақстан облысы |
Қоғамдық денсаулық сақтау |
департаментінің басшысы |
______________ Ғ. Сүлейменов |
2017 жылғы "10" қазан
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы " 9 " қазандағы № 264 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында (Үлбі кенті) Кедровская көшесі, 32-де орналасқан жер учаскесінің тұстамасындағы Кедровка өзенінің оң жағалауының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, | Су қорғау аймағы | Соның ішінде су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кедровка өзенінің оң жағалауы | 0,1 | 2,122 | 205-220 | 0,98 | 0,352 | 35 |
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында (Үлбі кенті) Кедровская көшесі, 32-де орналасқан жер учаскесінің тұстамасындағы Кедровка өзенінің оң жағалауының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.