РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 14813) бұйрығын іске асыру мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 3-1-9/33936 хатының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған субсидия нормативтері мен көлемдерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5077, 2017 жылғы 21 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2017 жылғы 4 шілдеде № 76 (17471) "Дидар", 2017 жылғы 4 шілдеде № 76 (19983) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыс әкімі аппараты, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуін;
2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 341қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 139 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған субсидиялардың нормативтері мен көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | ||
Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге | ||||
Етті мал шаруашылығы | |||||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||||
1.1 | Тауарлы аналық бас | ||||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 0 | 0 | 151 416 | 1 514 160 |
2) | Қосымша норматив: | ||||||
80 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 8 000 | 0 | 0 | 79 775 | 638 200 | |
60 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 6 000 | 0 | 0 | 9 616 | 57 696 | |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | ||||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 0 | 0 | 31 049 | 310 490 |
2) | Қосымша норматив: | ||||||
80 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 20 000 | 0 | 0 | 18 397 | 367 940 | |
70 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 15 000 | 0 | 0 | 627 | 9 405 | |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 3 000 | 450 000 | 5 551 | 832 687 |
3. | Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | ||||||
1) | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | бас | 45 000 | 0 | 0 | 0 | 0 |
2) | нақты бордақыланғаны 1 500 бастан бастап | бас | 30 000 | 0 | 0 | 613 | 18 390 |
3) | нақты бордақыланғаны 1 000 бастан бастап | бас | 25 000 | 0 | 0 | 975 | 24 375 |
4) | нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап | бас | 20 000 | 0 | 0 | 993 | 19 860 |
5) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | бас | 20 000 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Барлығы: | 450 000 | 3 793 203 | |||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||||
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | ||||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 0 | 0 | 15 316 | 153 160 |
2) | Қосымша норматив: | ||||||
70 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 20 000 | 0 | 0 | 6 240 | 124 800 | |
60 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 15 000 | 0 | 0 | 1 439 | 21 585 | |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||||
1) | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 170 000 | 0 | 0 | 103 | 17 515 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | ||||||
Еуропа және ТМД елдерінен | бас | 150 000 | 0 | 0 | 116 | 17 400 | |
3. | Сүт өндірудің құнын арзандату | ||||||
1) | жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар | кг | 25 | 0 | 0 | 37 860 952 | 946 524 |
2) | жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар | кг | 15 | 0 | 0 | 16 985 831 | 254 788 |
3) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | кг | 10 | 0 | 0 | 761 208 | 7 612 |
Барлығы: | 0 | 1 543 384 | |||||
Мал шаруашылығы | |||||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3 000 | 0 | 0 | 0 | 0 |
2. | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 0 | 0 | 22 | 2 200 |
Барлығы: | 0 | 2 200 | |||||
Етті бағыттағы құс шаруашылығы | |||||||
1. | Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 600 | 48 971 | 29 383 | 90 000 | 54 000 |
2. | Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | ||||||
1) | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | кг | 80 | 6 566 455 | 525 316 | 4 318 750 | 345 500 |
2) | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | кг | 60 | 5 981 167 | 358 870 | 4 040 263 | 242 416 |
3) | Нақты өндірісі 20 тоннадан басталатын құс (суда жүзетін құс және бройлер) етін өндіру құнын арзандату | кг | 40 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Барлығы: | 913 569 | 641 916 | |||||
Шошқа шаруашылығы | |||||||
1. | Шошқа етін өндіру құнын арзандату | ||||||
1) | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | кг | 100 | 0 | 0 | 1 351 395 | 135 139 |
Барлығы: | 0 | 135 139 | |||||
Қой шаруашылығы | |||||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 900 | 0 | 0 | 0 | 0 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||||
1) | асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 2 500 | 0 | 0 | 69 964 | 174 910 |
2) | тауарлы қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 0 | 0 | 124 839 | 187 258 |
3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | ||||||
1) | тұсақтар | бас | 8 000 | 0 | 0 | 5 201 | 41 608 |
2) | тұқымдық қошқарлар | бас | 20 000 | 0 | 0 | 3 786 | 75 722 |
3) | асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарға арналған тұқымдық қошқарлар | бас | 30 000 | 0 | 0 | 0 | 0 |
4. | Қозы етін өндіру құнын арзандату | бас | 1 500 | 0 | 0 | 139 | 208 |
5. | Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату | ||||||
1) | сапасы 60-тан басталатын жүн | кг | 150 | 0 | 0 | 11 433 | 1 715 |
2) | сапасы 50-ден басталатын жүн | кг | 100 | 0 | 0 | 2 090 | 209 |
Барлығы: | 0 | 481 630 | |||||
Жылқы шаруашылығы | |||||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 0 | 0 | 144 | 14 363 |
2. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | бас | 40 000 | 0 | 0 | 273 | 10 920 |
3. | Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату | кг | 60 | 0 | 0 | 2 560 298 | 153 618 |
4. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | кг | 92 | 0 | 0 | 55 863 | 5 139 |
Барлығы: | 0 | 184 040 | |||||
Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) | |||||||
1. | Аналық баспен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас | 41 000 | 0 | 0 | 2 435 | 99 835 |
Барлығы: | 0 | 99 835 | |||||
Бал ара шаруашылығы | |||||||
1. | Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бал ара ұясы | 9 918 | 0 | 0 | 12 894 | 127 883 |
Барлығы: | 0 | 127 883 | |||||
Азық өндіру | |||||||
1. | Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрама жем зауыттары өткізген құрама жем құнын арзандату | тонна | 20 000 | 0 | 0 | 1 719 | 34 380 |
2. | Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50 %-ға дейін арзандату | 0 | 382 650 | ||||
Сүтті мал шаруашылығы | |||||||
1) | шаруашылықта табын бойынша (өткен жылдың нәтижелері) орташа сүт сауылуы 6500 кг-нан аз емес | бас | 75 000 | 0 | 0 | 2 448 | 183 600 |
2) | шаруашылықта табын бойынша (өткен жылдың нәтижелері) орташа сүт сауылуы 4500 кг-нан аз емес | бас | 50 000 | 0 | 0 | 3 981 | 199 050 |
Барлығы: | 0 | 417 030 | |||||
Барлық сомасы: | 1 363 569 | 7 426 260 |