Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 313 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/185-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 5373 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

            "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, "Көкпекті ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Көкпекті аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 6-5/3 шешімі және Көкпекті ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 306 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) келесі елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:

      Теректі ауылдық округінің Өрнек ауылы;

      Теректі ауылдық округінің Каменка ауылы;

      Теректі ауылдық округінің Қызыл-Жұлдыз ауылы;

      Биғаш ауылдық округінің Қарғалы ауылы.

      2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

      Теректі ауылдық округінің Өрнек, Каменка және Қызыл-Жұлдыз ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Теректі ауылдық округінің Теректі ауылының құрамына;

      Биғаш ауылдық округінің Қарғалы ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Биғаш ауылдық округінің Комсомол ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы З. Камасова
      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады