РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Күршім аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 15/2-VI шешімі мен Күршім ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 325 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) келесі елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Марқакөл ауылдық округінің Матабай ауылы;
Марқакөл ауылдық округінің Мойылды ауылы;
Абай ауылдық округінің Төсқайың ауылы;
Құйған ауылдық округінің Шірікаяқ ауылы;
2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Марқакөл ауылдық округінің Матабай қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Марқакөл ауылдық округінің Ақжайлау ауылының құрамына;
Марқакөл ауылдық округінің Мойылды қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Марқакөл ауылдық округінің Марқакөл ауылының құрамына;
Абай ауылдық округінің Төсқайың қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Абай ауылдық округінің Бурабай ауылының құрамына енгізілсін;
Құйған ауылдық округінің Шірікаяқ қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Құйған ауылдық округінің Қайнар ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | З. Камасова |
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Головатюк |