Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 312 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/184-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 5384 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

            "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Жарма ауданының елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 14/127-VІ шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 253 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) келесі елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:

      Ақжал ауылдық округінің Бөке ауылы;

      Үшбиік ауылдық округінің Еңрекей ауылы;

      Белтерек ауылдық округінің Қарашоқы ауылы;

      2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

      Ақжал ауылдық округінің Бөке қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақжал ауылдық округінің Ақжал ауылының құрамына;

      Үшбиік ауылдық округінің Еңрекей қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Үшбиік ауылдық округінің Үшбиік ауылының құрамына;

      Белтерек ауылдық округінің Қарашоқы қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Белтерек ауылдық округінің Белтерек ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы З. Камасова
      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады