2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 357 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қаңтарда № 5393 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 315 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.10.2018 № 315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-1-9/33493 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес 2018 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі;

      2) осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2018 жылға арналған нормалары бекітілсін.

      2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы
"26" желтоқсандағы
№ 357 қаулысына 1 қосымша

2018 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі

р/с

Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы

1

Майлы дақылдар (мақсары, зығыр, рапс, қытайбұршақ)

2

Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер

3

Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)

4

Сүрлемдік жүгері және сүрлемдік күнбағыс

5

Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы
"26" желтоқсандағы
№ 357 қаулысына 2 қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2018 жылға арналған нормалары

р/с №

Басым ауылшаруашылық дақылдары

Өлшем бірлігі

Субсидия нормасы, теңге

1

Қытайбұршақ

1 тоннаға

25 000

2

Мақсары

1 тоннаға

6 400

3

Рапс

1 тоннаға

13 800

4

Зығыр

1 тоннаға

11 000

5

Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

1 гектарға

8 000

6

Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)

1 гектарға

8 000

7

Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

1 гектарға

10 000

8

Өнеркәсіптік үлгідегі қорғалған топырақтағы көкөністер (дәнді дақылдардың екі айналымына)

1 гектарға

11 000 000

9

Фермерлік үлгідегі қорғалған топырақтағы көкөністер (дәнді дақылдардың екі айналымына)

1 гектарға

3 000 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады