Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында "Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 6 кВт әуе электр жеткізу желісінің құрылысы учаскелерінің тұстамасында № 1 және № 2 бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 366 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 қаңтарда № 5458 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында "Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 6 кВт әуе электр жеткізу желісінің құрылысы учаскелерінің тұстамасында № 1 және № 2 бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында "Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 6 кВт әуе электр жеткізу желісінің құрылысы учаскелерінің тұстамасында № 1 және № 2 бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында "Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 6 кВт әуе электр жеткізу желісінің құрылысы учаскелерінің тұстамасында № 1 және № 2 бұлақтарының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.Н. Нұрғалиев) Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында "Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 6 кВт әуе электр жеткізу желісінің құрылысы учаскелерінің тұстамасында № 1 және № 2 бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыс әкімінің аппараты, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
әкімі
Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ Қ. Баймағамбетов

      2017 жылғы "29" желтоқсан

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов

      2017 жылғы "29" желтоқсан

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
"29" желтоқсандағы
№ 366 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында "Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 6 кВт әуе электр жеткізу желісінің құрылысы учаскелерінің тұстамасында № 1 және № 2 бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Соның ішінде су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ені, м

Ауданы, га

Ұзындығы, км

Ені, м

Ауданы, га

1

2

3

4

5

6

7

"Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаскелері тұстамасындағы оң жағалау № 1 бұлақ

0,02

500,0

1,0638

0,021

35,0

0,0723

"Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаскелері тұстамасындағы сол жағалау № 1 бұлақ

0,02

500,0

0,1532

0,0205

35,0

0,0695

"Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаскелері тұстамасындағы оң жағалау № 2 бұлақ

0,02

35,0

0,0689

"Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаскелері тұстамасындағы сол жағалау № 2 бұлақ

0,02

500,0

1,9568

0,0205

35,0

0,0702

      Ескертпе:

      Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында "Алем Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 6 кВт әуе электр жеткізу желісінің құрылысы учаскелерінің тұстамасында № 1 және № 2 бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады