Қала әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 821 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 5117 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер" туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 1070 "Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 тамыздағы № 67 "Семей таңы", 2016 жылғы 23 тамыздағы № 67 "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен күшіне енеді.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. В. Шароваға жүктелсін.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады