РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф жолаушының бір рет жол жүруіне 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі | Е. Сәлімов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Семей қалалық мәслихатының хатшысы |
" 10 " 07 2017 жыл |
___________________ Б. Ақжалов |