2017 жылға арналган мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыланыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 233 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 мамырда № 5048 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 287 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 09.10.2017 № 287 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6–бабының 4–тармағы 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Тәттібековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Еділбаев

  Абай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "04" мамырдағы
№ 233 қаулысына қосымша

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге

Ясли, балабақшалар

Шағын орталықтар

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

-

24000.0

19354.0

-

      кестенің жалғасы:

Тәрбиеленушілер саны, адамдар

Бір айда бір тәрбиеленушілерге орташа шығынның құны, теңге

Бір тәрбиеленушінің айлық ата-ананың төлем ақы мөлшері, теңге

Ясли, балабақшалар

Шағын орталықтар

Ясли, балабақшалар

Шағын орталықтар

535

175

24000.0

19354.0

4000.0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады