"2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 233 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 287 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда № 5253 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 233 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5048 болып тіркелген, "Абай елі" газетінің № 22 (430) 8-15 маусым, 2017 жылғы санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы С.Мұқажанға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы М. Еділбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады