Бесқарағай ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 cәуірдегі № 118 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 мамырда № 5036 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 373 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 08.11.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. "Бесқарағай ауданы бойынша 2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басынашаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 19 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмері 4483 тіркелген) қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Кисамиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Бесқарағай ауданы әкімінің
      міңдетін атқарушы Е. Рахметуллин

  Бесқарағай аудандық
әкімдігінің
2017 жылғы "24 " сәуірдегі
118 қаулысына қосымша

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Айына бір тәрбиеленушіге төленетін жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге

Тәрбиеленушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге төленетін орташа шығындардың құны, теңге

Айына төленетін ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Балабақшала, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Балабақшала, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

33000

21630

16225

-

285

200

33000

16225

7500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады