Бесқарағай ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы және ата-ана төлемақысының мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 373 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 5290 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 19.02.2018 № 56 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. "Бесқарағай ауданы бойынша 2017 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басынашаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 118 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмері 5036 тіркелген) қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары К.Тастенбековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Бесқарағай ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы Е. Рахметуллин

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2017 жылғы "8" қарашадағы
373 қаулысына қосымша

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Тәрбиеленушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге төленетін орташа шығындардың құны, теңге

Айына төленетін ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

285

225

33000

16225

7500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады