Бесқарағай ауданындағы шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 119 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 мамырда № 5037 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушынының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (мемлекеттік тіркеу Реестірінің нормативтік-құқықтық актілерінде 11550 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Бесқарағай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Бесқарағай ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Рахметуллин

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2017 жылғы "24" сәуірдегі
119 қаулысына 1-қосымша

Бесқарағай ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

Тура бағыт Кері бағыт

1

Қарабаш кардоны "Семей орманы" МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы; Аялдама: Бесқарағай ауылы Елистратов көшесі "Үлкен Владимировка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемісінің алдындағы алаң;Қарабашкардон "Семей орманы" МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы; Аялдама: Бескарағай ауылы Партизан көшесі "Борас орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.

Аялдама: Бескарағай ауылы Партизан көшесі "Борас орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Қарабаш кардон "Семей орманы" МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы; Аялдама: Бесқарағай ауылы Елистратов көшесі "Үлкен Владимировка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемісінің алдындағы алаң; Қарабаш кардоны "Семей орманы" МОТР Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі республикалық мемлекеттік мекемесінің маңындағы алаңы.

2

"Семей орманы" МОТР РММ Беген орман шаруашылық кеңсесі; Аялдама: Беген ауылы "Беген орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы.

Аялдама: Беген ауылы "Беген орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаң; "Семей орманы" МОТР РММ Беген орман шаруашылық кеңсесі.

3

Лесной ауылы 2 квартал орталық көшесінен; Аялдама: Жетіжар ауылы "Семияр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.

Аялдама: Жетіжар аулы "Семияр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Лесной ауылы 2 квартал орталық көшесі.

4

Қара-Мырза ауылы Боровая көшесі "Қара-Мырза негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алаңынан; Аялдама: Канонерка ауылы "Канонерка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаңы.

Аялдама: Канонерка ауылы "Канонерка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы; Қара-Мырза ауылы Боровая көшесі "Қара-Мырза негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алаңынан.

5

Бөкебай ауылы "Семей орманы" МОТР РММ Бөкебай орман шаруашылық кеңсесінен; Аялдама: Қарағайлы ауылы "Баймұратов Нурлыбек атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы.

Аялдама: Қарағайлы ауылы "Баймұратов Нурлыбек атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы;Бөкебай ауылы "Семей орманы" МОТР РММ Бөкебай орман шаруашылық кеңсесіне.

6

Черемушка ауылы бұрынғы мектептің маңындағы алаң; Аялдама: Мостик ауылы "Мостик орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.

Аялдама: Мостик ауылы "Мостик орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Черемушка ауылы бұрынғы мектептің маңындағы алаң

7

Доңгелек кардоны "Семей орманы" МОТР Дөңгелек орман шаруашылық кеңсесі; Аялдама: Өндіріс ауылы "Өндіріс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.

Аялдама: Өндіріс ауылы "Өндіріс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Доңгелек кардоны "Семей орманы" МОТР Дөңгелек орман шаруашылық кеңсесіне.


Бірлік ауылындағы бұрынғы бастауыш мектебінен; Аялдама: Глуховка ауылы "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаң; Стеклянка ауылы Революция көшесі "Камалхан" дүкенінен; Старая Крепость ауылы Центральная көшесінің аялдамасынан; Центральная көшесінің шетіндегі киосктан 50 метр; аялдамадан Орленок саяжайы; аялдамадан "Подхоз" шаруа кожалығы; Аялдама: Глуховка ауылы "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.

Аялдама: Глуховка ауылы "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; аялдамадан "Подхоз" шаруа кожалығы; аялдамадан Орленок саяжайы; Старая Крепость ауылы Центральная көшесінің аялдамасынан; Стеклянка ауылы Революция көшесі "Камалхан" дүкенінен; Центральная көшесінің шетіндегі киосктан 50 метр; Аялдама: Глуховка ауылы "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаң; Бірлік ауылындағы бұрыңғы бастауыш мектебіне.


Морозовка орман шаруашылығы "Семей орманы" МОТР РММ Морозовка орман шаруашылық кеңсесінен; Аялдама: Ерназар ауылы "Сосновка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы.

Аялдама: Ерназар ауылы "Сосновка орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаң; Морозовка орман шаруашылығы "Семей орманы" МОТР РММ Морозовка орман шаруашылық кеңсесіне.

  Бесқарағай ауданы әкімдігінің
"24" сәуірдегі 2017 жылғы
119 қаулысына 2-қосымша

Бесқарағай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

      2. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен жүзеге асырылады.

      3. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.

      4. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.

      5. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды, шағын автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.

      6. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.

      7. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.

      8. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.

      9. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi. 

      10. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.

      11. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

      12. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзегеа сыруға;

      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

      13. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

      14. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.

      15. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшiбалаларды–екi-екiденсапқатұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.

      16. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

      17. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.

      18. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:

      1) салонда тұруына және жүруiне;

      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;

      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;

      4)қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шығаберiстегi) алаңдарда орналастыруына;

      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;

      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;

      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;

      8)жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;

      9) есiктердi ашуына;

      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;

      11) шылымшегуге, сiрiңке, оттықжағуға;

      12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.

      19. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.

      20. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.

      21. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:

      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;

      2) баспалдақтардансекiруiне;

      3) көлiк құралын жолдың жүргiн шiбөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;

      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.

      22. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:

      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;

      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;

      3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Қорытынды ережелер

      23. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады