"Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Жыланды ауылында "Дальняя дойка" учаскесінде карантин белгілеу туралы" Глуховка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 6 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қарашада № 5306 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27- бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабы 8-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушының 2017 жылғы 18 қазандағы № 179 хаты негізінде, Глуховка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Жыланды ауылында "Дальняя дойка" учаскесінде карантин белгілеу туралы" Глуховка ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 15 тамыздағы № 6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5193 болып тіркелген, "Бесқарағай тынысы" аудандық газетінде 2017 жылғы 13 қырқүйекте жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глуховка ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б.Искакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады