Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің 41 разъезінде шектеу iс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 44 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 4916 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 05.05.2017 № 92 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 886 ұсынысына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің 41 разъезінде шектеу іс - шаралары белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бородулиха аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Асаубаеваға тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қ. Бичуиновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г. Акулов

      Келісілді:

      "Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылығы министрлігі ветеринарлық
      бақылау және қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      Бородулиха аудандық аймақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Ж. Қадыров

      2017 жыл
      "_13_"___наурыз_____

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігінің
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      Бородулиха аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы РММ
      басшысы. М. Б. Асавбаева

                                                      2017 жыл
                                                            "_13_"__наурыз___

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады