Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 43 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 4949 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 27.02.2018 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан Бородулиха ауданы әкімдігінің 24.10.2017 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 24.10.2017 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Бородулиха ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік, білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 35 (нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4455 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 8 (622), "Пульс района" газетінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 8 (6941) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "13" наурыз
43 қаулысына қосымша

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 24.10.2017 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Айына бір тәрбиеленушіге шаққандағы мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшері, теңге

Тәрбиеленушілер саны, адам

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалған шығынның орташа құны, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын-орталықтар

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын-орталықтар

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын-орталықтар

-

19706

-

19276

619

400

21607

19770

9800


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады