Бородулиха ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 35 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 наурызда № 4455 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздығы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 13.03.2017 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. "Бородулиха ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 208 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліменде № 4151 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 80 (589), "Пульс района" газетінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 80 (6908)) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "26" ақпан № 35
қаулысына қосымша

2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге

Тәрбиеленушілер саны, адам

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалған шығынның орташа құны, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын орталықтар

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын орталықтар

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын орталықтар

21893

18236

18311

16824

633

425

18381

18689

9800

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады