Көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 маусымда № 5066 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Құнарлы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Құнарлы ауылдық округінің Песчанка ауылының көшесінің атауы:

      Октябрьская көшесін – Достық көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Г. Лазарев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады