Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 11.11.2024 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Глубокое ауданының Глубокое, Белоусовка кенттерінің аумағында жолаушылар мен багажды кенттік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін жолаушының бір сапарына бірыңғай тариф 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданы әкімінің міндетін атқарушы Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы "29" _03_ 2017 года |
А. Брагинец А. Баймульдинов |