Қарабұлақ ауылдық округінің Қарабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 5143 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 29.01.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылдың 21 сәуірдегі № 129 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Қарабұлақ ауылдық округінің Қарабұлақ ауылына ірі-қара малдарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Зайсан аудандық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторына (С. Қожекенов) осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қарабұлақ ауылдық
      округі әкімі Д. Бекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады