Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 124 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 мамырда № 5042 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 19.03.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Зырян ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 362 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4750 нөмірімен тіркелген, "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 50 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Зырян ауданының әкімі Н. Токсеитов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 20 сәуірдегі
№ 124 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізілімі

№ р\с

Ұйымдардың аталуы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері( % )

1

2

3

4

1

Зырян ауданы әкімдігінің "Зырян көпсалалы пайдалану кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

861

4%

2

"Средигорненский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

237

3%

3

"Осирис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

2%

4

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Зырян ауданының Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

219

3%

5

"Зырян ауылшаруашылық колледжі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

59

2%

6

"Зырян орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

160

3%

7

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Зырян ауданының орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

1071

4%

8

"Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

78

2%

9

"Колор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

65

2%

10

Зырян ауданы әкімдігінің "Горняк" мәдени –бос уақыт өткізу орталығы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

118

3%

11

"Промтепло" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

168

3%

12

"Тұрғысын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

2%

13

"Зырян қаласының № 8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2%

14

"Серебрянск қаласының № 4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2%

15

"Соловьево орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2%

16

"Зырян ауданының психоневрологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

80

2%

17

"Зырян технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2%

18

"Зыряннефтепродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2%

19

"Зырян ауданының мүгедектер және қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

156

3%

20

"Леснопристань орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2%

21

"Зырян қаласының № 6 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

116

3%

22

"Зырян қаласының № 7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

93

2%

23

Зырян ауданы әкімдігінің "Ладушки" № 10 балабақшасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

67

2%

24

Зырян ауданы әкімдігінің "Катюша" № 14 балабақшасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

71

2%

25

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған орталау түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

3%

26

"Нивы Чапаево" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

89

2%

27

"Бородино" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

28

"Зырян тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

83

2%

29

"Зырян қаласының мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

66

2%

30

"Октябрьск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2%

31

"Зырян қаласының № 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

112

3%

32

Зырян ауданы әкімдігінің "Жасмин" балабақшасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

62

2%

33

Зырян ауданы әкімдігінің "Қарлығаш" балабақшасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

70

2%

34

"Марат Сұлтан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

2%

35

"Алва" қайырымдылық коммерциялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

52

2%

36

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2%

37

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3%

38

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Есту және көру кемістігі бар балаларға арналған № 2 түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

2%

39

"Зырян ауданы әкімдігінің Зырян қалалық балаларға арналған музыкалық мектебі" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

50

2%

40

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Грехово кентінде мүгедектерге арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады