РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 124 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5042 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 6 маусымдағы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Н. Токсеитов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" наурыздағы № 93 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р\с | Ұйымдардың атауы | Жұмысшылардың саны (адам) | Квота мөлшері (%) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | "Зырян технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 56 | 2% |
2 | "Зырян ауданының мүгедектер және қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 159 | 3% |
3 | Зырян ауданы әкімдігінің "Ладушки" № 10 балабақшасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 67 | 2% |
4 | Зырян ауданы әкімдігінің "Катюша" № 14 балабақшасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 69 | 2% |
5 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған орталау түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 99 | 3% |
6 | "Зырян қаласының мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 66 | 2% |
7 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 101 | 3% |