Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 26.02.2018 № 63 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2017 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Зырян ауданында 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 68 (Нормативдик құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4950 тіркелген, 2017 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан |Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Зырян ауданы аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;
4) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскароваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Н. Токсеитов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы " 01 " қарашадағы № 383 қаулысына қосымша |
2017 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебіндегі мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылған балалар саны (адам) | Бір тәрбиеленушінің айына орташа шығын бағасы, теңге | Айына ата-ана төлемақысының мөлшері, теңге | ||
Балабақшалар, бөбекжайлар | Шағын орталықтар | Балабақшалар, бөбекжайлар | Шағын орталықтар | |
995 | 198 | 25 600 | 22 705 | 11 632 |