2017 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 68 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 4950 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 383 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 01.11.2017 № 383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2017 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Зырян ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Букатов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "10" наурыз
№ 68 қаулысына қосымша

2017 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге төленетін жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге

Тәрбиеленушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге төленетін орташа шығындардың құны, теңге

Айына төленетін ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Балабақшала, бөбекжайлар

Шағын орта-лықтар

Балабақшала, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

-

25 600

-

22 705

995

198

25 600

22 705

11 632


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады