Зырян және Серебрянск қалаларының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін барлық маршруттар үшін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 451 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 5375 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 шілдедегі № 458 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 21.07.2023 № 458 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19–бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зырян және Серебрянск қалаларының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 80 (сексен) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. "Зырян ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулыны оның ресми жарияланған күнінен кейін Зырян ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы "Зырян және Серебрянск қалаларының аумағында жолаушыларды және багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы" № 338 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді № 4740 тізілімінде тіркелген, 2016 жылғы 24 қарашадағы "Пульс Зыряновска" және "Көктас таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары А.К. Букатовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі Н. Токсеитов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Зырян ауданы
мәслихатының хатшысы
"11"12 2017 жыл
Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады